Атылып жатқан киіктің еті қауіпсіз бе – Экомин жауап берді

473

0

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Экология және табиғи ресурстар министрлігі атылып жатқан киік ұшалары ет комбинаттарына қалай берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«Киік популяциясын реттеу үшін «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі жеке тұлғаларды тартты. Киік атумен айналысатын әр жасаққа осы мекеменің жауапты инспекторы мен Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің қызметкерлері бекітілген. Популяцияны реттеу үшін атылған киік ұшалары міндетті түрде ет комбинатына беріледі. Ол етті өңдеп, сату мәселесін ет комбинаттарының ветеринарлары бақылайды. Ветеринария заңнамасының талабы сондай», – делінген министрліктің редакция сауалына жолдаған жауабында.

Ведомстводағылар ет комбинатының немесе сою бекетінің ветеринарлары киік ұшасының сыртқы сипатын тексеретінін айтады.

Ал ұшаның ішкі органдарын ветеринарлық-санитариялық сараптама тексереді.

Осы тексеру қорытындысы бойынша жарамсыз деп танылған киік еті саладағы талаптар бойынша жойылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<