Ауған соғысының ардагерлері марапатталды

183

0

Облыстық Полиция департаментінің ұйымдастыруымен Ауғанстан аймағынан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай жиын өтті.
Қызылорда облысы бойынша Ауған соғысына 827 адам қатысып, оның 18-і қаза болды. 30-дан астамы елге мүгедек болып келді.
Шара барысында Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Жарас Оспанов Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі бүгінгі жастарға мықты тәлім болатынын айта кетіп, мұндай кездесулердің жас қызметкерлерді тәрбиелеуде негіз болатынын білдірді.
«15 ақпан Ауғанстан аймағынан Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 30 жыл» толуына орай және ел тыныштығы мен қоғамның бейбіт өмір сүруіне, еліміздің амандығын және тыныштығын қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін Ауған соғысының ардагерлері Қызылорда облысы Полиция департаментінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Салтанатты жиын полиция қызметкерлері тарапынан дайындалған концертпен аяқталды.
Қазіргі таңда Полиция департаментінде 2 Ауған соғысының ардагері қызмет атқарады. Ал 18 Ауған соғысы ардагері ішкі істер органында қызмет атқарып, зейнетке шыққан.
Сонымен қатар, аталмыш шара аясында «Динамо» спорт кешенінде тәртіп сақшылары арасында шағын футболдан турнир өтті. Аталмыш спорттық шараға Полиция департаменті және қалалық Полиция басқармасынан 10 команда қатысты.  
Турнир соңында жеңімпаздар мен жүлдегер командалар жарыс кубогымен және дипломдармен марапатталды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<