Ауған жауынгерлеріне құрмет

315

0

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мәжіліс залында өртке қарсы қызметте жүргізуші болып қызмет атқарған жауынгер-интернационалисттер Есмуханбетов Сәкен Оразбайұлы және Жаманбалаев Қалдыбек Жағыпбарұлы қатысуымен кездесу өткізілді.

Ардагерлерге алғыс білдіру және жас ұрпақ бойында отансүйгіштік пен туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 30 жылдығына арналған іс-шараны Өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ибрагимов Нұрсұлтан Жаңабайұлы ашты.

Іс-шара барысында азаматтық қорғау органдары  қызметкерлерінің шығармашылық өнері тамашаланып,  деректі фильмнің көрсетілімі  ұйымдастырылды.

Өз кезегінде ардагерлер де өздерін құрметтеп, көңіл бөлгені үшін алғыс айтып, Отанды құрметтеу және сүюдің  маңызды екенін жас қызметкерлерге түсіндірді. Ауғандықтар Өрт сөндіру қызметінің ұжымына ашық аспан астындағы бейбітшілікті тіледі және соғыстан кейін игілікті өрт сөндіруші мамандығын таңдап, абыроймен зейнет демалысына шыққандықтары туралы айтты.

Іс-шараның соңы – Қызылорда қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде экскурсияға ұласты. Ардагерлер бүгінгі өрт сөндіру автокөліктерін қызығушылықпен тамашалады.

Экскурсия барысында өртке қарсы қызмет ардаргерлері ең бірінші «Урал» және «Камаз» маркалы өрт сөндіру автоцистерналарын Ресейден Қызылордаға өздері айдап келгендігін айтты.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және 

авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<