Аудан активіне жаңа басшы таныстырылды

328

0

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен аудан активінде Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Батыс аймағы бойынша ауданаралық басқармасының жаңа басшысы таныстырылды.

Басқосуға арнайы қатысқан Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ермек Тіленовбұл қызметке жаңа тағайындалған Ерболат Әліпбаевты таныстырды.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жаңа қызметке тағайындалған Ерболат Әзімжанұлының жұмысына сәттілік тілеп, бұған дейін ауданымызда еңбек еткен Сәруар Кенжебековке алғыс айтты.

– Ауданда 3 жылдан астам уақыт жұмыс жасаған Сәруар Бегалдинұлына алғыс айтамын.Осы уақыт аралығында аудандағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тосқауыл қою бағытында көптеген жұмыс атқарды. Алдағы уақытта жаңа қызметіңізді абыроймен атқаратыныңызға сенім мол, – деген аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы «Алғыс хатпен» марапаттады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<