Қауіпсіздік қатаң сақталуы тиіс

304

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғ. Жаңабаев, Қызылорда облысы ТЖД басшысының орынбасары полковник С. Молдақараев және Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергеновтің қатысуымен брифинг өткізді, онда мұздың қауіпсіздігін сақтау шаралары бойынша аймақтың су қоймаларындағы жағдай туралы жедел ақпарат берілді.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов өз сөзінде –  2018 жылдың 17 желтоқсанында Төтенше жағдайлар департаментіне Сырдария ауданының 45 жастағы А.Қайдаров және 54 жастағы Ж.Алыпбаев тұрғындары «Уаз Фермер» автокөлігімен Қараөзек каналына батып кеткендігі жөнінде хабар түскен. Алдын ала деректер бойынша олар мал шаруашылығымен айналысқан. Мүмкін, олар жолдан адасып, арнаға түсіп кеткен. Су асты Іздезтіру жұмыстары барысында құтқарушылар автокөлікті тапты, бірақ сол жерде адамдар болған жоқ.

Оқиға орнында сүңгуірлер мен кинологтар іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Алайда қазіргі кезде өзендегі сең басу, сондай-ақ сүңгуірлердің аязда  тыныс алу автоматының қатуы қиындық туғызуда. Бүгінгі таңда Караөзек каналында судың өтуі – секундына 95 текше метр. Каналда осы бөліктегі мұздың қалыңдығы – 25 сантиметр.

Б.Ембергенов су қоймаларындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін жасақ құтқарушылары үнемі алдын-алу жұмыстарын жүргізуде және азаматтардың суға (мұзға) қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын үнемі жүргізеді. Естеріңізде болсын: мұз тез ағын жерлерде, сондай-ақ өсімдіктер өсетін жерлерде, ағаштар, бұталар, қамыстардың жанында қауіпті. Егер үш күннен артық ауа температурасы 0 градустан жоғары болсы, онда мұздың беріктігі 25%-ке азаяды.

Қызылорда облысы ТЖД

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<