Автокөлікте қыстырылып қалған жолаушы құтқарылды

415

0

Фото: Қызылорда облысы ТЖД

2024 жылғы 9 сәуірде сағат 00-ден 30 минут өткенде Қызылорда қаласындағы Мұстафа Шоқай мен Ыбырай Алтынсарин көшелерінің қиылысында «Нексия» және «Хюндай» маркалы автокөліктерінің соқтығысқандығы, жол-көлік оқиғасының орын алғандығы, автокөліктің салонында адамның қыстырылып қалғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел келген құтқарушылар 1997 жылы туған азаматтың аяғының жарқаттанғанын және көліктен шыға алмағанын анықтады. Жедел құтқару жасағының құтқарушылары арнайы гидравликалық құралдардың көмегімен автокөліктің салонын кеңейтті. Жол-көлік оқиғасы себебінен аяғының жарақатына орай автокөліктің ішінде қыстырылып қалған жолаушыны автокөліктен босатып, медициналық жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Осы жұмыстар Жедел құтқару жасағының Құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Андрей Федосядидің жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оқиға орнында құтқарушылар, полиция бөлімінің қызметкерлері, медициналық жедел жәрдемнің мамандары (барлығы: 17 адам 6 техникасымен) жұмыс жасады.

Қызылорда облысы ТЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<