Аустралияда өрт қайта басталды

500

0

Орман өрті тұрғын аударға жақындап, Суон қаласындағы үйлердің күл-талқанын шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz BBC NEWS агенттігіне сілтеме жасап

Жалын 9000 гектар аумақты алып, 71 үй отқа оранған. Сонымен қатар алты өрт сөндіруші жарақат алды. Бұл соңғы жылдары қала көрген ең үлкен өрт болып отыр.

Қала басшылығы халықты оқшаулануға және дайын болуға шақырды.

Айта кететін жайт, өрт дүйсенбіде басталып, Перт орталығынан шығысқа қарай 30 шақырым жерде әлі күнге дейін жанып жатыр. Өрт салдарынан жүздеген аустралиялықтар эвакуациялық орталықтарда түнеді.

Сейсенбіде өрттен шыққан түтін қаланы тұншықтырып, қала маңындағы үйлерді күлге айналдырған.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қызыл жалынды ауыздықтауға жел мен құрғақ әрі ыстық ауа райы да кедергі келтіріп отыр. Сондай-ақ бұл жағдай өрттің одан да үлкен аумаққа таралуына әкелуі мүмкін.

Еске сала кетсек, Аустралияда 2019 жылдың қыркүйегінде басталып 2020 жылға дейін жалғасқан орман өртінен жүздеген адам қаза тауып, мыңдаған үй мен миллиондаған гектар жер жанып кетті. Сонымен қатар, шамамен 500 миллион жануар өлді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<