«Қайсар» ресейлік командадан жеңіліп қалды

191

0

Қызылорданың «Қайсары» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында Ресейдің «Крылья Советов» (Самара) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Крылья Советов» 1942 жылы 12 сәуірде құрылған. 2004 жылы Ресей біріншілігінде қола жүлдегер атанған. Ұзақ жылдан бері сол елдің Премьер-лигасында сынға түсіп келеді. Самаралық клуб ресейлік тәжірибелі клубтығ бірі саналады.
Аталмыш кездесуде алғашқы кезеңде «Қайсар» сапында Марсель Исламқұлов, Абдель Азиз Ламанж, Марочкин, Иван Граф, Ілияс Әмірсейітов, Думан Нәрзілдаев, Марат Хайруллин, Мақсат Байжанов, Джон Джошуа, Тигран Барсегян, Братислав Пуношевац шықты.
Алғашқы кезеңде ресейлік команда басымдығы аңғарылып тұрды. Біздің ойыншылар тарапынан өрескел қателіктер орын алды. Соның салдарынан 13-минутта Максим Канунников гол соқса, арада бір минут өткенде Джано Ананидзе есепті үстемелей түсті. Бұдан кейін «Қайсар» фтболшылары гол соғуға ұмтылған еді. Дегенмен өз қақпасына тағы да гол жіберіп алды. Оны 37-минутта Антон Чичерин соқты.
«Қайсар» екінші кезеңде Александр Григоренко, Марин Оршулич, Иван Садовничий, Валентин Чуреев, Олжас Алтаев, Бекзат Кұрманбекұлы, Марку Гурман, Асхат Тағыберген, Игорь Зенькович, Каллос Оливейра, Куле Мвомбо шықты.
Екінші кезеңде де «Крылья Советов» командасының басымдығы аңғарылып тұрды. Ресейлік клуб ойыншылары шабуылға көбірек көңіл бөлді. Дегенмен бұл кезеңде екі комнда да гол соға алған жоқ. Ойында «Крылья Советов» 3:0 есебімен жеңіске жетті.
«Қайсар» бұдан бұрын Украинаның «Десна» командасынан жеңіліп қалған еді. «Қайсар» енді Түркияда өтіп жатқан екінші оқу-жаттығу жиыны барысында төрт ойын өткізеді. Алдымен 15 ақпанда Болгарияның «Царско Село» және Грузияның «Вит» командаларымен шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, 18 ақпанда Грузияның «Сабуртало», 21 ақпанда Түрікменстанның «Алтын Асыр» командаларымен шеберлік байқасады. Қызылордалық футболшылар 22 ақпанға дейін Түркияда жаңа маусымға дайындық жүргізеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<