Қазалы ауданының әкімі халық алдында есеп берді

464

0

Қазалы қаласында аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың халыққа есеп беру жиыны өтті. Жиынға облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, аудандық мәслихат хатшысы К.Назымбеков, мекеме, бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Халықпен кездесу барысында  аудан басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы міндеттерді ортаға салды.

– Қазір қала мен кенттің аралығында қызу жұмыс жүргізілуде. Жанқожа бабамыздың кесенесіне дейінгі аумаққа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынды. Биыл баба кесенесінен Қазалы қаласына дейінгі жер учаскесіне электр желілерін жүргізіп, ауыз су мен газ апару үшін 3,2 млрд теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. Бұл істер биыл да жалғасын табады. Инфрақұрылым мәселесі реттелген соң екі аралықтан 1500 адамға тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беретін боламыз. Сонымен қатар, былтыр осы аймақтан «Рәміздер алаңы» салынып, Әйтеке би бабамыздың еңселі ескерткіші орнатылғаны белгілі. Жаңа үлгідегі кәсіпкерлік нысандарын салу үшін жер учаскесі белгіленіп, оған 24 кәсіпкерлік ғимараты тұрғызалды деп күтілуде. Алдағы уақытта екі аралықты қосып, үлкен орталыққа айналдырсақ деген жоспарымыз бар. Бұл  ауқымды шаралардың барлығы өздеріңіздің қолдауларыңыздың негізінде жүзеге асты, – деп аудан басшысы сөзін қорытындылады.

      Бүгінгі күнге дейін 11 кәсіпкерлік нысанның жобасы аудан әкімдігі жанындағы сәулет-қала құрылысы Кеңесінде мақұлданып, 4 кәсіпкер жер учаскесін алған. Сондай-ақ, балаларға арналған ойын-сауық алаңын салу үшін жер де белгіленген.  Айта кету керек, есеп беру жиыны барысында Қазалы қаласының әкімі Р. Ізтілеу мен қалалвқ учаскелік полиция инспекторы жыл бойы атқарған жұмыстарының есебін берді. Негізгі баяндамалардан соң тұрғындар аудан басшысына көкейлерінде жүрген ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<