Қазалылық 340 оқушы «Тұлпар мініп, ту алған» байқауына қатысады

254

0

Қыркүйек айында өтетін «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауына Қазалы ауданынан 6-10 сыныптардан 340 оқушы қатысып, бағын сынайды.
Қазалы ауданында оқушыларды іріктеу жарысы 15 қыркүйек күні өткізіледі деп жоспарлануда. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастырылатын байқауға қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде.Әзірге оқушылардың дайындығы жаман емес. Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушылары Аймейір Әбдрахым, Гүлзира Қонысбай (жетекшісі Гүлфайруз Әлішова), Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияның 6-сынып оқушыларыҒазиза Айдарбекова, Айя Сердалы (жетекшісі Мейрамкүл Жөлекеш), №88 мектептің 8-сынып оқушысы Жазира Нұрқаш, 7-сынып оқушысы Айерке Төремұрат (жетекшісі Сұлтанғазы Томай) және тағы басқа оқушыларҚобыланды батыр жырын түгелдей жаттап алды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<