Қазалылық оқушы – халықаралық байқау жеңімпазы

463

0

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Жанқожа батыр ауылындағы №94 мектептің оқушысы, жас әнші Мадияр Серікті қабылдады. Жас дарын жақында ғана Болгарияда өткен «Star of the world» халықаралық байқауының Гран-Приі мен үш алтын медалін ұтып алған болатын.

Кездесуде Мадияр Тұрарұлы Еуропа төріндегі елден алған әсерімен бөлісіп, байрақты бәсекеде әйгілі әнші Филипп Киркоровтың әкесі Бедрос Киркоров бастаған қазылар алқасы орнынан тұрып құрмет көрсеткен қуанышпен жеткізді.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев халықаралық деңгейде қасиетті Қазалының атын шығарған талантты баланы үлкен жеңісімен құттықтап, сый-сияпат табыс етті.

Өз кезегінде Мадиярдың әжесі Дәмегүл Сәрсенбай немересіне қолдау көрсеткен аудан басшысына алғысын айтып, ақ батасын берді. №94 мектептің ән-әуез пәнінің мұғалімі Зағира Исалда да үлкен байқауда топ жарған шәкіртіне құрмет көрсеткен Мұрат Нәлхожаұлына ризашылығын білдірді.

Кездесу соңында Мадияр Серік аудан әкімі Мұрат Ергешбаевпен бірге естелік суретке түсті.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<