Қазақстан ФИФА рейтингінде екі сатыға жоғарылады

209

0

Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) 2019 жылдың ақпан айына арналған әлемдік рейтингті жариялады. Онда Қазақстан құрамасы екі сатыға жоғарылап, 117-орынға жайғасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңартылған рейтингте Бельгия құрамасы көш бастап тұр. Айта кетейік, бельгиялықтар 2020 жылғы Еуропа біріншілігі іріктеу кезеңінің I тобындағы қарсыластарымыздың бірі. Тізімнің одан кейінгі орындарында Франция, Бразилия, Хорватия, Англия құрамалары тұр. I тобындағы өзге қарсыластарымыз – Шотландия – 40, Ресей – 50, Кипр – 87, Сан-Марино 211-інші позицияларға орналастырылған. Еске салайық, 21 ақпанда Қазақстан футболшылары Молдова құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл – чех маманы Михал Билектің жетекшілігімен өтетін алғашқы ойын. Қазақстан құрамасы 21 наурызда 2020 жылғы Еуропа біріншілігіндегі алғашқы кездесуін өткізеді. Сол күні Астанада Шотландия құрамасын қабылдайды.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<