Қазақстанның 5 облысында қызыл су жайылуы ықтимал

27

0

 Қазақстанның 5 облысында ауа температурасының жоғарылауына байланысты қар суы жайылуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.
«17-20 ақпанда Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары және Астана, Алматы қалаларында ауа температурасының жоғарылауына байланысты қар суы жайылуы мүмкін. Сондай-ақ, Түркістан облысында жаңбыр жаууына байланысты өзен суларының деңгейі көтерілуі ықтимал» делінген хабарламада.
Сондай-ақ, мәліметке сай, Қызылорда облысы аумағында Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз