Б.Сәрменбаев: Жұмыссыздықты төмендету – басты бағыт

257

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сырдария ауданында халықты жұмыспен қамту шаралары белсенді жүргізілуде. Атап айтқанда, өңірлік жұмыспен қамтудың жол картасы аясында былтыр 3 130 жұмыс орны ашылды. Ал Мемлекет басшысының әрбір 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу жөніндегі тапсырмасы негізінде ауданда 620 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев хабарлады.

– Ауданымызда Ұлттық жобалар аясында 19 жоба қолға алынып, 63 жұмыс орнын ашу жоспарланған болатын. Дегенмен, жыл көлемінде 107 жаңа жұмыс орны ашылып, көрсеткіш 69,8 пайызға артығымен орындалды. Өздеріңіз білетіндей, қай жерде де білім мен ғылым дамыған сайын жаңа жұмыс күші арта түседі. Бұл өз кезегінде ел экономикасының оң бағытта дамуына септігін тигізеді. Осыған сәйкес, білім саласын дамытып, жетілдіріп отыру аса маңызды. Біздің ауданда 53 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағытта 5 инновациялық мектеп-лицей бар. Апатты жағдайда және 3 ауысымдағы мектептер жоқ. Бұдан бөлек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл аудан орталығында 300 орындық жаңа білім ордасының іргетасы қаланатын болады, – деді аудан әкімі

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<