БАӘ-де ел президенті ағасының қазасына байланысты үш күндік аза тұту жарияланды

442

0

Фото: wam.ae

Біріккен Араб Әмірліктерінде ел президенті, ұлы мәртебелі шейх Мухаммед бен Заид Аль Нахайянның ағасы және Әбу-Даби басшысының өкілі, ұлы мәртебелі шейх Саид бен Заид Аль Нахайянның қазасына байланысты үш күндік аза тұту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат WAM-ға сілтеме жасап.

Аза тұту күні 27-29 шілде аралығында жарияланды. Елде тулар түсірілді.

Ел президентінің атына ағасының қазасына байланысты көңіл айту хаттары түсіп жатыр.Президент ұлы мәртебелі шейх Мухаммед бен Заид Аль Нахайян бүгін Әбу-Даби мешітінде қайтыс болған шейхтің жаназасына қатысты. Оған қатысқандар Алладан ол үшін рақым тілеп, оның өз еліне және халқына қызмет етуге арнаған өмірі үшін мадақ сұрады. «Біз Аллаға тиесіліміз және оған қайтамыз». Жаназадан кейін Ұлы мәртебелі қайтыс болған шейх Саид жерленген Әбу-Дабидегі Аль-Батин зиратына барды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<