Балабақша кезегін онлайн бақылауға болады

248

0

Бөбегіңізді балабақша кезег кезегіне тіркеген болсаңыз, енді оның қаншалықты жылжығанын онлайн түрде бақылай аласыз.

Ол үшін egov.kz электронды үкімет порталында «Балабақшаға кезек нөмірін қарау» қызметін таңдаңыз. Өтінімді толтырып, баланың ЖСН немесе тегін, атын және туған күнін енгізіңіз.

Қызметті онлайн Нұр-Сұлтан, Ақсай, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Арыс, Атырау, Қапшағай, Қарағанды, Қаражал, Көкшетау, Қостанай, Курчатов, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Сәтбаев, Семей, Талдықорған, Тараз, Текелі, Түркістан, Орал, Өскемен, Шахтинск, Шымкент, Екібастұз қалаларының тұрғындары ала алады.

Қызмет түрі сондай-ақ еліміздің көптеген ауданында қолжетімді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<