Бас санитария дәрігер жаңа қаулыға қол қойды

297

0

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы жаңа қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев Алматы коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдайға байланысты «сары» аймаққа көшкенін айтқан болатын.

4 шілдедегі «Алматы қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу шаралары туралы» қаулыға сәйкес, жабық үй-жайларда маска тағу режимін енгізу ұсынылады. Сондай-ақ, байланыста болған адамдарды, жүкті әйелдерді және екпе алуға қарсы көрсетілімі бар адамдарды қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру ұсынылған.

Қаулы 7 шілде сағат 00.00-ден бастап қолданысқа енгізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<