\»Bilim Fest\»: \»Педагог мәртебесі\» туралы заң талаптары талқыланды

215

0

Облыстық Ә.Тәжібаев атындағы ғылыми әмбебап кітапханаcында «Нұр Отан» партиясы және «Жас Отан» ЖҚ ҚОФ ұйымдастыруымен «Bilim Fest» шарасы өтті. Жиынның негізгі мақсаты – «ҚР Педагог мәртебесі» туралы заң және жас ұстаздар мен болашақ мамандарға жасалып жатқан мүмкіндіктер жайында кеңінен талқылау, пікір алмасу.

«Bilim Fest» аясында алдымен «Заманауи қазақстандық білім берудегі педагог мәртебесі» тақырыбында республикалық лекция өткізілді. Жиынға «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының орынбасары Ержан Байтілес, облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова, облыстық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Талғат Тілес, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, ардагер ұстаз Күләй Сағындық, ардагер ұстаз Сексенәлі Раханов, техникалық және кәсіптік білім ұйымдары және мектеп директорлары, жас мамандар, педагогикалық мамандықта білім алушы студенттер қатысты.

Шарада Ержан Байтілес Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы басым бағыттарға және «Педагог мәртебесі туралы» заңын қабылдау жөніндегі мәселелерге кеңінен тоқталды.

Кездесу барысында ардагер ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңесін жеткізді.

– «Ұстаз – ұлы тұлға». Ұстаз болу кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Бұл мамандықты таңдағанннан кейін шын жүрекпен сезініп жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз шәкіртпен тығыз қарым-қатынаста, байланыста болуы тиіс. Сонда ғана шәкірт ұстаздан озады -деді ардагер ұстаз Күләй Сағындық. Мұнымен қоса кездесуде қатысушылармен еркін пікір алмасу болды.

Сондай-ақ, «Bilim Fest» аясында «Жеті жарғы» ораторлық қабілетті арттыру мақсатында қала жастарына арналған мастер-класс ұйымдастырылды. Мастер-класста облыстық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Талғат Тілес, «Сана» зияткер жастар мектебі» ҚҚ президенті, республика деңгейіндегі үздік пікірсайысшы Сабыржан Кеңшілік қала жастарымен ораторлық қабілеттің қыр сырларымен бөлісті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<