Бірнеше үйдің ауласында орын алған өрт сөндірілді

546

0

Кеше сағат 16-дан 05 минут өткен шамасында Қызылорда қаласындағы А.Пушкин көшесі N70А тұрғын үй жануда деген хабарлама түсті.

Хабарлама түсісімен оқиға орнына ТЖД-нен 1 техникаысымен 5 қызметкер шықты.


Оқиға орнына барғанда анықталды: А.Пушкин көшесі №70/1 тұрғын үй ауласында шамамен 21 ш.м болатын қаңылтырдан салынған сарай, А.Пушкин көшесі 70/2 тұрғын үйдің ауданы 70 ш.м болатын төбе жабыны, іші, ауласында орналасқан шамамен 180 ш.м болатын 2- қабатты мал қора, Т.Жүргенов көшесі 69/2 тұрғын үйдің ауласында 9 ш.м. қаңылтырдан салынған сарай, А.Пушкин көшесі 70/3 тұрғын үйдің 4×3 ш.м. болатын шатыр ағаштары жануда.

Жедел әрекет ету барысында өрт ошағынан 3 дана 50 л. және 1 дана 27 л. газ баллондары сыртқа шығарылды.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.


Өрт сағат 16-дан 49 минут өткенде оқшауланып, сағат 17-ден 46 минут өткенде сөндірілді.


Өрт салдарынан А.Пушкин көшесі N70/2 тұрғын үйдің ауласындағы мал қораның ішінде 8 сиыр, 3 тауық, 1 ит өртеніп кеткен. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, арнайы қызметкерлер де тиісті жұмыстарын жасау үшін жұмылдырылды.


Өртті сөндіруге барлығы 10 техникасымен 45 қызметкер жұмылдырылды. Өрттің шығыны мен орын алу себебі анықталуда.
Құрметті өңір тұрғындары!
Сіздерден қазіргі кездегі өртке қауіпті маусымға орай барынша өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауды сұраймыз.

Қызылорда облысы ТЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<