Димаш Құдайберген Испаниядағы клипінің түсірілімінен фотосуреттер жариялады

200

0

Димаш Құдайберген Испаниядағы видеоклипінің түсірілімінен алынған фотосуреттерін бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әнші суреттерін Instagram парақшасында жариялады.
«Қадірлі достар! «Любовь уставших лебедей» әнінің бейнебаяны түсірілімінен алынған бірнеше фотосуретті сіздермен бөліскім келді. Клиптің режиссері – Алан Бадоев. Өздеріңіз түсінген шығарсыздар, видео фэнтези стилінде түсірілді.   Сіздерді жақсы көремін!» – деп жазды ол. Бұған дейін Димаш Құдайберген кезекті клипін түсіру үшін Испанияға аттанғанын хабарлаған едік.
Еске сала кетейік, Димаш «Любовь уставших лебедей» әнін оның авторы, Ресейдің халық әртісі, композитор Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен «НТВ» телеарнасының «Центральное телевидение» бағдарламасында шырқаған болатын. Кейіннен  Димаш Құдайберген мен Игорь Крутой видеоклип түсіруді ойластырып жүргені белгілі болды.
«Әрине, әнші үшін жақсы композиторлармен жұмыс жасау өте маңызды. Осы орайда, менің мансабымда, шығармашылық өмірімде жақсы композиторлар кездесіп жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі уақытта біз Игорь Крутоймен жақсы музыкалық тандем болып жүрміз. Ол кісінің кәсіби тұрғыдағы біліктілігі, музыкадағы білімі туралы ұзақ әңгіме айтуға болады. Өйткені, ол Паворотти, Лара Фабиан, Дмитрий Хворостовский секілді әлемдік композиторлармен жұмыс істеген білікті өнер иесі. Қазіргі таңда Крутойдың шығарған бірнеше туындылары менің репертуарыма еніп отыр», – деген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<