Дубай мен Қызылорданың көгалдандыру шығындарын салыстыруға келмейді — өңір басшысы

549

0

Фото: ҚазМұнайГаз ҰК АҚ

Дубай мен Қызылорданың салыстыруға келмейді. Бұл туралы «Jibek Joly» телеарнасының «Уәде» бағдарламасына сұхбат берген Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Қызылорда — таза қалалардың бірі. Шаң-тозаң болып жатқан жоқ. Әрине көгалдандыруда проблема бар. Мәселен, біздің жерімізді Шымкент қаласымен не болмаса Жамбыл облысымен, Тараз қаласымен салыстыруға келмейді. Жеріміз тұзды. Тұзды су жер бетіне өте жақын. Көгалдандыруға кетіп жатқан Дубайдағы шығын мен Қызылордадағы шығынды салыстыруға келмейді. Әрине, қаражат болса көгалдандыруға болады. Алматы не Шымкент қаласында ағаш ексең шығады. Дән түссе өнеді. Бізде де шығады, бірақ өте көп еңбекті, шығынды қажет етеді. Әкім болмасам мен де „әкімшілік дұрыс қарамайды“ дегендей сыни көзбен қарайтын шығармын. Әкім болғаннан кейін жақсы білемін. Қалаға өзімнің үйім сияқты жаным ашып қараймын. Әр азамат солай болуы тиіс деп есептеймін», — деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Облыс басшысының айтуынша, өңірде 10-15 жыл өсіп тұрған ағаш кейде өзінен-өзі қурап қалады. Сондай-ақ 20-25 жыл болған ағаштар 6 метрден артық өспейді. 

«Жалпы, бұрынғы жылдармен салыстырғанда сыр өңірінде Мемлекет басшысының, Үкімет басшысының қолдауымен қай жағынан алып қарасақ та үлкен серпіліс бар. Ауыз су мәселесі өңір бойынша қазір 98 пайызға шешілді. Газ 75 пайызға тартылды. Қалалар, аудан орталықтары 100 пайыз газдандырылды. Қазір ауылдарға жеткізіліп жатыр. Жақсы жолдардың үлесі 78 пайызға жетті. Бюджет алдыңғы жылдармен салыстырғанда 57 пайызға өсіп, 609 млрд теңгеге жетті», — деді өңір әкімі. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<