Еліміздегі балалардың 15%-ы күн сайын кибербуллингке ұшырайды

337

0

Сурет: pixabay

ЮНИСЕФ жүргізген зерттеулердің нәтижесі осындай. Қазір жасөспірімдер телефонға есі ауып, әлеуметтік желіні кеңінен қолданып жүр. Ал кейбірі кибершабуылдың құрбаны болып жатыр.

Кибербуллингке кез келген сыныптағы оқушы ұшырауы мүмкін. ЮНИСЕФ жүргізген зерттеулерге сәйкес, елдегі балалардың 15 проценті күн сайын ғаламтордағы «жағымсыз» контенттің куәгері болып жатады, деп  жазады Хабар 24 арнасы.

Мамандардың айтуынша, кибербуллинг әлеуметтік желілерде кездеседі. Бұл ретте жауапкершілік ата-аналарға жүктеледі.

«Қазір қазақстандық балалар интернетті белсенді қолданып жүр. Осыдан 3-4 жыл бұрын мұндай тенденция байқалмайтын. Қазір тіпті бесіктен белі шықпаған баланың ғаламторға, жалпы желіге кедергісіз қосылуға мүмкіндігі бар. Бұл ретте, киберқауіпсіздік мәселесіне қатысты жауапкершілік ата-аналарға жүктеледі.»Эльвира Яушева, UNICEF Kazakhstan қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы

Балаларды психологиялық тұрғыда қолдау маңызды. Мәселен психолог Светлана Богатыреваның айтуынша, оған айына кем дегенде 10 бала кибербуллинг мәселесімен жүгінеді.

«Мұндай жағдайларда баланың өзін-өзі тұлға ретінде қабылдауы үшін жұмсақ сөйлеп, дұрыс жұмыс істеу керек. Айналасындағы адамдардың арасында өзін емін-еркін сезінуді үйрету қажет. Ата-аналар баласымен ашық сөйлесу арқылы оның бойындағы қорқынышты анықтай алады. Оған өздері-ақ көмек бере алады.»Светлана Богатырёва, отбасылық психологМәселені жауапты ведомство да қарастырып жатыр. Қазір кәмелетке толмаған балалардың, цифрлық кеңістікте кездесетін қатерлермен күресуі үшін, «Кибер Тұмар» бағдарламасы іске қосылды. Оны Оқу-ағарту министрлігі ЮНИСЕФ-пен бірлесіп жүзеге асырған. Бағдарлама, интернетті қауіпсіз пайдалану ережелерін қалыптастыруға бағытталған.»Әр мектептің міндеті – осы «Кибер тұмардағы» ақпараттарды өздеріне енгізу. Бағдарламада инфографикалық плакаттар көп. Оларды шығарып, білім нысандарының қабырғасына іліп қоюға болады. Балаға біреу әлеуметтік желіде қоқан-лоқы жасаса, ол қандай әрекет жасауы керек, жеке бас ақпаратын қалай қорғау қажет – міне, оқушы соның бәрінен хабардар болуы тиіс. «Кибер Тұмарға» ата-аналар да кіріп, керек ақпаратты балаларына жеткізіп отыра алады.»Айжан Мадиходжаева, «Кибер Тұмар» бағдарламасының авторыБүгінде елде мектеп жасына дейінгі 2,5 миллионға жуық бүлдіршін бар. Жеті мыңнан астам мектепте 3 миллионнан астам бала білім алады. Жауапты ведомствоның қазіргі мақсаты балаларға сапалы білім беріп қана қоймай, оларды түрлі қауіп-қатерден сақтау болып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<