Елімізде мұғалімдердің жалақысы өседі

291

0

Өскелең ұрпақ бойына білім нәрін сіңіретін ұстаздар қауымының жалақысы өседі. Биыл бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 62 миллиард теңге қаралып отыр. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы былтыр Үкіметке мұғалімдердің айлық табысын арттыру үшін қазынадан қаржы бөлуді тапсырған болатын.
Бүгін министрлер кабинетіне таныстырылған жаңа заң жобасы осындай өзгерістерді қамтыды. Сала басшысының айтуынша, адами капиталды дамытуға қаралатын қаржы сомасы 100 млрд теңгеден асады.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:
– 292,5 лрд теңге Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және «Төртінші өнеркәсіптік жағдайдағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауларын іске асыруға бағытталатын болады. Олардың ішінде бірінші блокта адами капитал сапасын жақсартуға 106 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде мұғалімдердің жалақысын 30-дан 50 пайызға көтеруге 62 млрд теңге. Назарбаев университетін одан әрі дамытуға 31 млрд теңге. Мүгедектердің күтімін жүзеге асыратын адамның жаңа жәрдемақыны төлеуге 2,7 млрд теңге бағытталады.

www.24.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<