Футбол: «Қайсардың» қыздары қарсылас команданы ойсырата жеңді

215

0

Фото: Сыр спорты

Ел чемпионатының IV турында «Қайсар» қыздар футбол клубы сырт алаңда «Атырауға» қонаққа барып, 6:0 есебімен ойсырата жеңді.

Шабуылда ширақ қимылдаған Нұрай Жәлімбетова кездесуде хет-трик жасаса, Арай Мұталиева, Әсем Жақсымбай, Жансая Көпжанова 1 голдан соқты.

Сенімді жеңіске жеткен Сансызбаев шәкірттері IV турдың қорытындысы бойынша 7 ұпай еншілеп, турнирлік кестеде 6 орынға көтерілді.

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы