Газға күйіп қалған

603

0

Қызылорда көпбейінді облыстық балалар ауруханасының реанимация бөліміне денесінің 65-70 пайызын күйікпен 7 жастағы бала түсті. Жарақатты газге күйіп алған. Оның жағдайы өте ауыр болды.

Балаға тез арада мамандандырылған медициналық көмек қажет болды. Баланың күйігі терең және көлемінің үлкен болуына байланысты (ота жасайтын аймаққа тері жетіспеуі) Астана қаласынан №2 Қалалық балалар ауруханасы комбустиолог дәрігер Сагидолла Б.С санавиация арқылы шақыртылды.

Ол баланың күйікті жарасының 35- 40% аутодермапластика отасын жасады.Отаға көпбейінді облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері (О. И. Курбанбаев, Т. Б. Оспанов, анестезиолог И.М. Самсонов, медбикелер Д. Умбеталиева және Қ. Байназарова) қатысып, тәжірибе алмасты, біліктіліктерін көтерді. Отаның екінші кезең 10 күннен соң жасалу жоспарлануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<