Игорь Крутой «Достық» орденімен наградталды

272

0

ҚР Президенті ресейлік композитор Игорь Крутойды «Достық» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақорданың ресми сайтында Мемлекет басшысының арнайы жарлығы жарияланды.
«Қазақстан мен Ресей халықтарының арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін композитор Игорь Яковлевич Крутой ІІ дәрежелі «Достық» орденімен наградталсын» делінген онда.
Еске сала кетейік, Ресейдің халық әртісі, композитор Игорь Крутой қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге ұдайы қолдауын көрсетіп келеді. Мәселен, бұған дейін Димаш «Любовь уставших лебедей» әнін Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен «НТВ» телеарнасының «Центральное телевидение» бағдарламасында шырқаған болатын. Композитор қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «Ресей публикасын баурап алатынын» айтқан болатын.
Сондай-ақ, ол қазақстандық жас әнші Ержан Максимге өзінің музыкалық академиясына оқуға түсіп, білімін шыңдауды ұсынды.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<