Индонезиялық қыз бала Димаш Құдайбергенді дауысымен таңғалдырды

191

0

Димаш Құдайберген өзінің «Ұмытылмас күн» атты әнін қазақша шырқаған индонезиялық жанкүйерінің дауысына тамсанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Индонезиялық өте талантты жанкүйерiмнiң орындауын қабыл алыңыздар. Әдемі, нәзік, тамаша орындау. Браво», – деді Димаш.

Мұны көрген желі оқырмандары «Әдемі орындау», «Дауысы керемет», «Жас Лара Фабиан», «Денем тітіркеніп кетті», «Жүрекпен айтып тұр», «Тамаша» деген сынды пікірлер қалдырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<