Кеңсе тауарларының бағасы шарықтап барады

1024

0

Осы жылдың шілде айында кеңсе тауарларының бағасы 12,3%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еnergyprom сарапшылары Түркістан облысының тұрғындары бағаның өсуін барынша сезінгенін айтады. Онда кеңсе тауарлары 50,1%-ға қымбаттаған. Бағалар Атырау (31,1%) және Ақмола (14,7%) облыстарында және Алматыда (14,5%) айтарлықтай өсті.

Бағаның ең төменгі жылдық өсуі Жамбыл облысында тіркелді – 1,2%.

Мысалы, сурет салуға арналған альбомдардың бағасы бір жылда 14,1%-ға өсті, қаламдар 13,2%-ға, түсті қарындаштар жиынтығы – 12,1%-ға, дәптерлер – 12%-ға, А4 форматындағы қағаз – 10,6%-ға қымбаттады.

Жалпы, осы жылдың шілде айында Білім беру қызметтерінің бағасы 11,5% – ға өсті. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру қызметтері бір жылда 7,1% — ға, орта білім беру — 6,8% — ға, кәсіптік орта білім беру — 11,7% – ға, жоғары білім беру-17,7% – ға, ересектерге арналған білім беру-10,7% – ға қымбаттады.

Өңірлік бөліністе білім беру қызметтеріне бағаның ең жоғары өсуі Атырау (50%-ға), Павлодар (19,4%-ға) және Шығыс Қазақстан (19,1%-ға) облыстарында байқалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<