Кенттегі көшелер жөндеуден өтеді

362

0

Елдің транзиттік қуаттылығын арттыру аясында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де жергілікті автожолдардың сапасы сын көтермейтіндігін атап өтті.

Бүгінгі күні Жалағаш ауданы аумағындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 123,5 шақырымды құраса, оның жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 89 пайызды құрап отыр.

2025 жылға дейін жергілікті жолдардың жағдайын 95 пайызға жақсарту қажет.

Бұл Президенттің тікелей тапсырмасы. Осы мақсатта аудан әкімінің орынбасары Алтынбек Дәрібаев, кент әкімі Мардан Жамалатов кенттегі жөндеуді қажет ететін І.Нүркенов, Қ.Сатпаев, Мысық би, Панфилов көшелерін аралап, тұрғындармен кездесті. Ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Алдағы 2023 жылы біршама көшелер жөндеуден өтетіндігін хабардар етті.

І.Нүркенов, Панфилов, Қ.Сатпаев, Мысық би, Жеңістің 50 жылдығы, А.Қазыбеков, А.Бектібаев, Т.Абжалиев көшелеріне жобалау сметалық құжаттар дайындалған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<