«Кітап патшалығындағы мереке»

366

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасы  Халықаралық балалар кітабы күніне   «Кітап патшалығындағы мереке» атты салтанатты шара ұйымдастырды.
Бұл  мереке  балалар және жасөспірімдер әдебиеті жайлы халықаралық кеңестің шешімімен 1967 жылдан бастап аталып,  Ұлы дат жазушысы, ертегіші  Ганс  Христиан  Андерсеннің туған күніне арналады.
Балаларды кітапханаға  кітап оқуға тарту  мақсатында  Ә.Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейдің    оқушылары  мерекені  флешмобпен ашып, сүйікті кітаптарын жарнамалау арқылы  Б. Гриммның  «Қызыл телпек» ертегісі  бойынша сахналық қойылым қойып, ән мен жырдан шашу шашып көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Шараға қаламыздағы Ә. Құдабаев атындағы №197 қазақ орта мектеп, Ы. Алтынсарин атындағы №10 орта мектеп, №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектеп, №140 орта мектеп, №187 М. Шоқай атындағы мектеп, №172 қазақ орта мектеп, №7 мектеп-лицей оқушылары қатысты.
 Шара соңында қатысушылар  баланың  дүниетанымын кеңейтетін, ақыл-ойын дамытып,  шығармашылық қабілетін шыңдайтын «Кітап арқылы ашылған  сырлы әлем» атты кітап көрмесімен  танысты. Көрмеге 300-ге жуық балалар әдебиеті  қойылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<