Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналды

304

0

 М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде «Жүрек жылуы» жобасы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Рухты қалам, табанды талант» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Кеш барысында колледж директоры Бақыт Кенбаев сөз сөйлеп, келген қонақтарға ыстық лебізін білдірді. Қазақ поэзиясының марқасқасы, өмірі өлең, өлеңі өмірге айналған Мұқағали Мақатаевқа арналған кеш ерекше сезім мен сырға толы болды. Кеш колледж кітапханашысы Ж.Ералинаның ұйымдастыруымен өткізілді.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім секторы қызметкерлері қатысып, кітап көрмесін жасап, студенттерді алғыс хаттарымен марапаттады.  

Колледж студенттері Мұқағали Мақатаевтың сарқылмайтын шабыт пен сағынышқа толы жырларын тебірене оқып, ақын сөзіне жазылған әндерді шарықтата шырқады. Сонымен қатар, ұлы ақынның өмірінен театрландырылған қойылым көрсетілді.

Әдеби кеште экраннан ақынның өз даусымен оқылған өлеңдері тыңдалып, «Рухты қалам, табанды талант» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар назарына слайд-шоу ұсынылды.

Кеш соңына колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Исабек Сыздықов қорытындылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<