Маман кеңесі маңызды

241

0

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандарының ұйымдастыруымен «Өз денсаулығың – өз қолыңда» акциясы өткізілді. Мақсат – скринингтің қажеттілігін, профилактикалық медициналық тексерудің маңыздылығын халыққа жеткізу.

Акция барысында қаладағы сауда орталықтарының біріне емхана дәрігерлері жиналды. Ақ халаттылар «Денсаулық аллеясын» ұйымдастырып, көп­­тің алғысына бөленді. Он­да тұр­ғындар қан қысымын, қандағы қант мөлшерін өл­шетуге, сонымен бірге кәсіби кеңес алуға мүмкіндік алды.

Ал, «Қауіпсіз тағам таңда!» ұранымен өткен тағы бір шарада өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын техникалық рег­ламент талаптарының сақ­та­луы, тамақтан уланудың ал­­дын алу мәселелері бойын­ша түсіндірме жұмыстары жүр­гі­зілді.

Аталған шарада «Ұлттық сараптама орта­лы­ғы» облыс­тық филиалы мамандары экс­­пресс тәсіл­дерін қолдана отырып, тұрғын­дар­дың сатып алған тағамдарының са­ни­­тарлық норма­тив­терге сәй­­кестігін тексерді. Тағам өнімдерінен 10 сынама нитрат мөлшеріне, микро­биоло­гиялық көрсеткіш­терге 11 сынама және пара­зитологиялық зерттеуге 14 сынама алынды. Нәтижесінде сәйкессіздік анық­талған жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<