Мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беріледі

160

0

Қызылорда облысында 6060 оқушы 11-сыныпты аяқтайды. Оларға онлайн форматта кәсіби бағдар беріледі. Бұл жөнінде облыстық білім басқармасы мәлім етті.


Пандемия кезеңіне орай IV тоқсан қашықтан оқыту форматында аяқталады. Осыған орай 11-сынып оқушылары үшін бір мезетте кәсіби бағдар беруге арналған телесабақтар берілмек.

«22 мамыр күні, сағат 11:00-де, (Қызылорда уақытымен 10:00-де) «Балапан» және «Еларна» телеарналарында телесабақтар ұйымдастырылады. 11-сынып оқушылары үшін кәсіби бағдар беріліп, жан-жақты ақпарат ұсынылады. Осы себепті барлық мектептің жоғары сынып оқушылары телесабақтар трансляциясын көруі қажет», – деп мәлім етті білім басқармасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз