Мемлекет басшысы Алматы қаласына келді

572

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ақорда.

Президент ертең, 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған шараға және Ұлттық Ғылым академиясында өтетін салтанатты жиынға қатысады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ғылыми мекемені, оқу орындарын аралап көреді және жеке кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<