«Мерейлі отбасы» байқауының үздіктері анықталды

644

0

Қазалыда «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтіп, үздіктер анықталды.

Кеше ұлттық байқаудың аудандық кезеңінде жеңімпаз атанған отбасыларды аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында өткен салтанатты шарада аудан әкімі байқауға қатысқан отбасыларды түрлі номинациялармен марапаттап, сый-сияпат табыстады.

Қазалы ауданы бойынша іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша бас жүлдені жеңіп алған Сүлейменовтер отбасы мен бірінші орын иегері Ықыласовтар отбасы Қызылорда қаласында өтетін облыстық байқауға қатысуға жолдама алды.

Салтанатты шарада байқауға қатысқан өнерлі отбасылар әннен шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Қазалылықтар сахна төріне көтерілген белгілі айтыскер ақын, сазгер, әнші Шынберген Сүлейменовке ерекше қолдау білдіріп, қошемет көрсетті.

Айта кетейік, өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Биылғы жылы Қазалы ауданы бойынша байқауға 18 отбасы өтінім беріп, комиссия отырысында қаралды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<