Үндістан телешоуында Нұрсұлтан Назарбаев туралы сұрақ қойылды

311

0

Үндістанда Kaun Banega Crorepati («Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасына ұқсас) телешоуының қатысушысы Нұрсұлтан Назарбаев туралы сұраққа жауап беріп, 20 мың доллар ұтты, – деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. 
Ер адамға Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы сұраққа жауап беру керек болған. Сұрақ былай қойылды: «2019 жылы қай елде елорданың атауы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне ауыстырылды?». Жауаптары мынадай болды: Қырғызстан, Қазақстан, Косово және Кения. Бағдарламаның қатысушысы қосымша көмекке жүгінді. Маманның жауабы дұрыс болып шығып, ер адам қомақты соманы ұтып алды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<