Өзекті мәселелер сараланған алқалы жиын

439

0

Облыстық білім басқармасының басшысы М.Шермағанбеттің төрағалығымен кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиынға облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары қатысты. Ал мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары мен интернат директорлары «Zoom» платформасы арқылы онлайн қосылды.

Жиында күн тәртібіндегі төмендегідей мәселелер қаралды. Оның ішінде білім беру ұйымдарындағы қаржының игерілуі, мемлекеттік сатып алу жұмыстарының жүргізілуі болды. Сондай-ақ, ұлттық білім беру деректер қорының толтырылуы және білім беру мекемелерінің аттестаттау қорытындылары мен дайындығы сараланды.

Сонымен қатар кездесуде мектептегі тәрбие жұмыстарын күшейту, ерекше білім алуды қажет ететін балалармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау, балалардың құқықтарын қорғау, атап айтқанда қамқоршылық және қорғаншылық функциясын жүзеге асыратын органдардың жұмысы, инклюзивтік білім беру және суцидтің алдын алу бағытындағы мәселелер қаралды.

Облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет баяндамашылардың жұмысына жеке-жеке тоқталып, оның орындалуы бойынша білім бөлімдерінің басшыларына тапсырма берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<