Олжас Оразалыұлы дзюдодан ҚР паралимпиадалық ойындарының жеңімпазы

271

0

Ақтөбе қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ҚР V жазғы Паралимпиадалық ойындары өтуде.

Айтулы спорт бəсекесінде Қызылорда облысынан 54 спортшы спорттың бес түрі, дзюдо, жеңіл атлетика, волейбол, үстел теннисі жəне пауэрлифтингтен бақ сынасуда.

Жарыстың алғашқы күнінде парадзюдошы Олжас Оразалыұлы 66 келі салмақ дəрежесінде жеңімпаз атанса, 73 келі салмақта Азамат Тұрымбетов қола жүлдені иеленді. Нəтижесінде облыс спортшылары жалпы командалық есепте 3-орынды жеңіп алды.

ҚР Паралимпиадалық ойындары 17 қыркүйек күні аяқталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<