Қонақ үй өртенді

280

0

Түркістан қаласында орналасқан «Яассы» кешенінің 2-қабатынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Алғашқы мәліметтер бойынша жарақат алған азаматтар жоқ. Алғашқы хабарлама сағат 11.01-де түскен. 11.34 өрттің беті қайтарылды. Өрт сөндірушілер мен полиция қызметкелерінің көмегімен қонақ үйден 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 10 адам өздігінен шыққан. Оқиға орнында 5 техника мен 29 өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр. Қонақ үйдің жалпы көлемі 2700 м2, жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт 11.52-де толығымен сөндірілді. Тілсіз жаудың шығу себептері анықталуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<