«Пияз неге қымбат?» Премьер-министр әкімдерге шүйлікті

772

0

Фото: ашық дереккөз

Премьер-министр Әлихан Смайылов әкімдерге пияздың қымбаттығына қатысты сұрақ қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Өңірлерге пиязды мердігерлікпен қамтамасыз ету тапсырылды. Әкімдер өз өңірлерінің сұранысын қанағаттандырдық деп бірнеше рет есеп берді. Бірақ пияз неге қымбат?», – деді Смайылов үкімет отырысында.

Үкімет басшысы елімізде пияздың жеткілікті мөлшерде өсірілетінін де айтты.

«Алайда бағаның өсуін төмендету үшін біз төтенше шаралар қабылдауға, экспортқа тыйым салуға мәжбүр болдық», – деді Смайылов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<