Полицейлер жастар арасында сайыс өткізді

216

0

Облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл  басқармасымен облыс  көлеміндегі орта  және  арнаулы  орта,  жоғары  оқу орындары арасында есірткіге қарсы кешенді фестиваль сайысы  ұйымдастырылды.

Сайыстың  негізгі  мақсаты – жастар,  балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау болып табылды.

Сайысқа  38 оқу орны  қатысып,  есірткі  мәселесіне  байланысты  ой – пікірлерімен  бөлісті.

Сайыскерлер тақырыпқа  байланысты  ізденіп, фестивальді өткізу бағыттары бойынша 7 үміткер қол өнеріне баулу бағыты, 4 үміткер есірткіге қарсы ән, би, бал билері бағыты, 3 үміткер гүлдер бағыты, 2 үміткер тағамдар әзірлеу бағыты, 5 үміткер фото суреттер бағыты, 11 үміткер плакаттар бағыты, 2 үміткер қолдан жасалған ұшақ, тік ұшақ, ракета макеттерінің бағыты, 4 үміткер сәндік бағыттар бойынша өз өнерлерін көрсетті. 

Сайыстың қорытындысымен жеңімпаз атанғандар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталатын болады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<