ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ: КОМИССИЯ ТАЛАПҚА САЙ ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛДАДЫ

921

0

Соңғы күндері мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттарға қатысты түрлі пікірлер тарап, екіұшты ойлар қалыптасуда. Алайда, грант беру қағидалары ашық әрі конкурстық негізде өткізілді. Комиссия мүшелері де ашық пікір қалдыруға мүдделі. Кейбір тұрғындар арасында туындаған сауалдарды ескере отырып, нақты ақпаратты ұсынуды жөн көрдік.
Кәсіп бастаушыларға биылғы жылы мемлекеттік гранттар беру тетігіне жалпы 120 млн. теңге, оның ішінде тек жастарға 70 млн. теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржы аясында өткізілген конкурстық іріктеуге
673 кәсіпкер қатысып, 3 млрд. теңгеден астам сомаға өтінім берді. Бұл жаңадан кәсіп бастауға ниетті азаматтардың биылғы жылы едәуір артқандығын байқатады.
Конкурстық іріктеу 31 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өткізіліп, нәтижесінде, жалпы 92 млн. 667 мың теңгеге 26 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Оның ішінде, әлеуметтік осал топтағы кәсіпкерлердің
11 жобасы 29,6 млн. теңгеге қаржыландырылып, үлесі 42,3%-ы құрады.
Заң талабына сай грант беру конкурсын ұйымдастыру үшін облыс әкімдігімен арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамы қоғамдық бірлестіктер, білім және ғылым мекемелері, бұқаралық ақпарат құралдары, атқарушы билік органдары өкілдерінен және салалық сарапшылардан болатын 11 адамнан жасақталды.
Комиссияның әрбір мүшесі грант талаптарына қойылатын ережелерді қатаң ескеріп, үміткерлерге қандай да бір артықшылық көрсетпейді. Талапқа сай лайықты жобаларды қолдап, ал сай емес жобаларға қарсы дауыс берді.
Комиссия мемлекеттік грант беру туралы шешімді бизнес-идеялардың жаңашылдығы, бәсекеге қабілеттілігі, бизнес-жобаның енгізуге дайындығы критерийлері негізінде қабылдады.
Бизнес-идеяның жаңашылдығымен қатысу халықтың әлеуметтік осал тобындағы, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектігі бар азаматтардан заң шеңберінде талап етілмейді.
Бірқатар әлеуметтік желі пайдаланушылары арасында «Наубайхана» мен «Фитнес клуб» жобаларына берілген грант бойынша сыни бағытта пікір білдірілді. Алайда, Қызылорда қаласы мен Қазалы ауданының Тасарық ауылында наубайхана ашу жобаларының жетекшілері зейнеткерлік жасы және көп балалы отбасы статусымен әлеуметтік осал топ санатына жатқызылды.
Ал, фитнес клуб ашу жобасы Қармақшы ауданы Жосалы кентінің жас кәсіпкерімен ұсынылған. Ұлттық статистика бюросының деректемелер базасына сәйкес «Фитнес клуб» қызметімен Жосалы кентінде тек осы кәсіпкер тіркелгенін ескерген жөн.
Конкурс нәтижесіне сәйкес талапқа қайшы келген жоба авторларына өзге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында «Бизнеске арналған үкімет» кеңсесінде Аграрлық несие корпорациясы», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, түсіндірмелер берілді. БАҚ арқылы арнайы брифинг те берілді.
Айта кету керек, келіспеушіліктер нақты дәлелдемелермен ұсынылатын болса, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен комиссия өкілдері ашық сауалдарға жауап беруге дайын.

Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<