Қалалық басқарма басшысы тағайындалды

1699

0

Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болып Ұзақбаев Ерлан Амантайұлы тағайындалды.

Е. Ұзақбаев 1987 жылы Тасбөгет кентінде дүниеге келген. 2002-2006 жж. Қызылорда медициналық колледжін «Фельдшер» мамандығы бойынша, 2006-2012 жж. Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін «Санитарлық дәрігер, дәрігер эпидемиолог» мамандықтары бойынша тәмамдаған.Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында 2012 жылдан бері қызмет етеді.

Тағайындауға дейін Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы қызметін атқарды. 2021 жылғы 12 наурыздан бастап Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<