Қазалыда шырша шамы жағылды

683

0

Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың қатысуымен шырша шамы жағылды. Ұзындығы 12 метр болатын шырша ойыншықтар және түрлі-түсті шамдармен безендірілген.
Биылғы шырша шырағын жағу құрметі Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында өткен Әлем чемпионатының және ҚР Чемпионатының күміс жүлдегері, Қазалы ауданының намысты спортшысы Ерқосай Айжанға бұйырды.
Салтанатты шарада аудан басшысы қазалылықтарды жаңа жылдарымен құттықтап, 2022 жылы жеткен жетістіктерді атап өтті.
Шараға қатысушылар мен аудан тұрғындары сахналық қойылым тамашалап, мерекелік көңіл-күйге бөленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<