Qazaq Oil мұнай базасындағы жұмысшының өлімі видеоға түсіп қалды

567

0

Фото: ашық дереккөз

16 ақпанда таңғы сағат 10:50 шамасында Көкшетаудағы Qazaq Oil аумағындағы екі құйма эстакадасы жанып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 716.kz-ке сілтеме жасап.

Өрт болған жерде жұмысшының денесі табылды. Марқұмның жеке басы анықталып жатыр, өрттің себебі де анықталады.

Өрттің ауданы 35 шаршы метр болған. Өрт сағат 11:05-те ауыздықталып, сағат 11:25-те сөндірілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шегуі мүмкін екінші адам іздестіріліп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<