Қазыналы қарттарға – көшелі құрмет

442

0

Қазатомөнеркәсіп Ұлттық Атом компаниясына қарасты «Қызылқұм» ЖШС мекемесі Жаңақорған ауданының әлеуметтік саласына тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді.

Байкенже ауылына «Қызылқұм» ЖШС Қорасан кенішінің директоры Асхат Нетбаев пен әлеуметтік сала жөніндегі менеджер Сәкен Стамбеков Байкенже ауылына келіп еңбек ұжымың атынан сый-сияпат жасады.

Ауылдық клубта «Қарттарым – асыл қазынам» атты тәрбие тәлімдік деп аталған кереметтей шара өтті. Әсерлі ән мен күмбірлі күйлер болды. Салтанатты шарада ауылдың ардагерлері мен қазыналы қарттарын құттықтаған Асхат Болатұлы:

«Қарты бар ел – қазынасы бар ел». Көнекөз қариялар – кемеңгерліктің, парасат пен пайымның шыңы іспеттес. Қазақ қашаннан қариясына құрмет көрсеткен, үлкеннің алғысын алып, бардың бағасын білген текті халық. Сондықтан, сіздерге көшелі құрметіміз жылдан жылға жандана беретіні айқын, – деді.

Кеніш директоры құттықтау сөзден соң, қарияларға түрлі тәттілерден құралған тарту сөмкесін табыс етті. Ауылдық әкімдіктің сұранысы бойынша, ауыл ардагерлеріне компания басшылығынан 800  мың теңгенің қаражаты бөлінді.

Салтанатты кешті тәмамдаған соң, ауылдық әкімшілік қызметкерлері мен «Қызылқұмдықтар» ауылдағы кәрілік шағына жеткен, жүріп-тұруы қиын ақсақалдардың үйін аралап, арнайы құттықтады.

Болар елдің балалары үлкенін құрметтейді, ақсақалдың ақ батасын алуға ұмтылады. Қызылқұм компаниясына айтар алғысымыз щексіз. Жылда біздің жағдайымызды сұрап, батамызды алуға асығады. Әрқашан жолдарың ақ болсын. Ауыл-елдің, ағайынның әл-ауқатының артуына жұмыс жасап жатсыздар. Істеріңе береке берсін, – деді ауыл ақсақалы Қайбулла Қазанбаев. 

Мақсұт Ибрашев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<