Қоғамдық бақылау

514

0

Облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» жобасы аясында тұрғындардың әлеуметтік желідегі өтініштері мен ұсыныстарынан туындаған қоғамдық бақылаудағы «Жекеменшік үйлердің газбен жабдықтау жүйелері қауіпсіздігі жөнінде» Ғ.Мұратбаев, Ы.Тәжиев, Ж.Баһадүр, А.Хангелдін көшелерінде, 16 қыркүйек күні көпқабатты тұрғын үйлерге қоғамдық бақылау жүргізілді.

Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Ілімжауһар Сартова, ҚЖО Қызылорда облысының филиалының директоры Қаршыға Есимсейтова, «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының үйлестірушісі П.Әбдіғапбар,  Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы азаматтық қорғау подполковнигі Ж.Түйменов, Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны О.Тұрсынбаев және МЧС волонтёрлері қатысып газбен жабдықтау жүйелері үйлердің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды және жалпы ережелерді айтып өтті.

 «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес тұрғын үйлер мен ғимараттарды ұстау тәртібін түсіндірді, қазандықты жобалау, салу және орналастыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын «Қазандық қондырғылары» , «Газ тәрізді және сұйық отынмен жұмыс істейтін шағын метражды жылыту қазандарына арналған технологиялық жобалау нормалары.  Өртке қарсы талаптар және т.б. газбен қамтамасыз ету саласындағы басқа да құқықтық-нормативті актілер туралы түсіндіріп кетті. Газ қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, үй жылыту пештерін қолдану ережелері, қазандық бөлмесіне қойылатын талаптар, газ баллондарын қолдану мен сақтау ережелері және қолөнершілердің шығарған (қолдан жасалған) пештерін қолдануға тыйым салынатыны туралы да түсіндіріп кетті. Тұрғын үйлердің қауіпсіздігі бойынша өзекті мәселелерді айтып өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<