«Қойларыма концерт қойып беретін едім»: Ернар Айдар балалық шағын еске алды

272

0

Фото: инста парақшасынан

Ернар Айдар Instagram парақшасында кішкентай баланың қорада өлең айтып жатқан видеосын жариялап, өзі де кезінде осылай ән айтқанын айтты, деп жазады KYN.KZ.

Әншінің айтуынша, кезінде ол өзі де дәл осы бала сияқты талай «концерт» қойған.

«Анам мен әкем деген жүрегіңнен айналдым. Ешкім аспаннан салбырап түскен жоқ. Осы видеоны қайта-қайта көріп отырып, өзімнің балалық шағым есіме түсіп кетті. Мен де мал жайғап жүріп сиырларыма, қойларыма ән айтып, концерт қойып беретін едім. Шіркін балалық шағым-ай. Сол себепті болар бұл батыр балақайдың әнді қалай айтып тұрғанын бүкіл жан-тәніммен сезіп тұрғаным. Қиялындағы сахна, қиялындағы микрофон, қиялындағы алдында отырған халық, бәрі-бәрі батыр балақайдың шын өмірінде орындалса екен деп тіледім. Қазағымның мақтанышына айналуыңа тілекшімін, тек алға батыр балақай. Алла жар болсын», – деп жазды Ернар Айдар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<