Қорғаныс министрі қайта тағайындалды

134

0

Фото: ҚР Ұлттық ұланы

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қайта тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды», — делінген Ақорданың ресми сайтына жарияланған құжатта.

Айта кетейік, Руслан Фатихұлы 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген.

И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін (1987 жыл), М.В. Фрунзе атындағы Әскери академиясын (1996 жыл), Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстарын (2004 жыл) бітірген.

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<