Көлік апатынан екі адам қаза тапты

531

0

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тауып, бір жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 8 тамыз күні сағат 03:30 шамасында «Самара-Шымкент» тасжолының Арал ауданы, Қамыстыбас елді мекенінің тұсында болған.

– Тексеру барысында, Ресейден Өзбекстанға бағыт алған «Chevrolet Nexia» автокөлігі қарама-қарсы бағыттағы келе жатқан «Mercedes-Benz Sprinter» автокөлігіне соқтығысқан. «Chevrolet Nexia» автокөлігінің жүргізушісі және бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал «Mercedes-Benz Sprinter» автокөлігіндегі жүргізушінің жанында екі жолаушы болған. Оның бірі дене жарақатымен Қазалы аудандық ауруханасына жатқызылды, – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жасөспірімді қағып өлтірген мас жүргізуші 1,5 жылға сотталған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<